Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шекаралас елдерден келетін су көлемінің төмендеуі байқалады – Қасым-Жомарт Тоқаев

2021 жылдың 13 қазан 2021 18:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада өтіп жатқан «Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізу жолдары және Қазақстанның көміртегі бейтараптылығы» атты халықаралық конференцияда көрші елдерден келетін трансшекаралық өзендердің проблемасын көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«БҰҰ мәліметтері бойынша, жаһандық жылыну мен антропогендік әсерге байланысты 2030 жылға қарай әлемдік су тапшылығы 40% жетуі мүмкін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуына қарағанда, Қазақстандағы су қауіпсіздігі көбінесе трансшекаралық өзендердің гидрологиялық және экологиялық жағдайына байланысты.

«Бүгінде шектес елдерден келетін су көлемінің төмендеуі байқалады. Бұл өзендер мен көлдердің табиғи су теңгерімінің бұзылуына, сондай-ақ елдің бірқатар өңірлеріндегі экологиялық жағдайдың нашарлауына алып келуде», - деген Мемлекет басшысы халықаралық ұйымдарды бұл істе қолдау көрсетуге шақырды.

«БҰҰ туының астында трансшекаралық су ағындарын қорғау және пайдалану мәселелерін реттейтін бірқатар халықаралық келісімдер қабылданды. Кеңейтілген диалог пен ынтымақтастық жолымен халықаралық міндеттемелерді іс жүзінде орындау жөніндегі күш-жігерді үйлестіру қажеттігі пісіп-жетілді деп ойлаймын. Бұл мәселеде біз серіктестер мен халықаралық қоғамдастықтың қолдауына сенім артамыз», - деп түйіндеді Мемлекет басшысы.


Жоғары қарай