Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Шенеуніктерді қамау жемқорлықты жүйелі түрде шешпейді – Марат Ахметжанов

2021 жылдың 9 желтоқсан 2021 14:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қалай жүргізіліп келді және бүгінде агенттік парақорлықпен қалай күресіп жатыр? Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінге дейін агенттік қылмыстық қудалау органы ретінде жұмыс істеп келді. Бұл тәсілмен ұзақ жұмыс істедік. Осыған дейін агенттік жұмыстың тиімділігі қылмыстың саны мен шулы қамаулармен бағаланып келді. Бұл жұмыс әдісі сол заманның жемқорлық сипитына сәйкес болды. Жұмыс тәсілдері өте қарапайым еді. Яғни, күдіктіні пара алу үстінде ұстайсың, қамайсың, сосын тергеуді тезірек аяқтап, іс сотқа жіберіледі. Жыл сайын мыңдаған жемқорлардың ұсталғаны туралы баяндау үшін осы тәсіл жеткілікті еді. Қоғам Антикордың жұмысын осындай көрсеткіштермен бағалауға үйреніп қалған сияқты», - деді Марат Ахметжанов өз баяндамасында.

Сондай-ақ, агенттік басшысының айтуынша, парақорларды қамаумен іс бітпейді.

«Бірақ лауазымды тұлғаларды ұстау, сыбайлас жемқорлық проблемасына нүкте қоймайтынын түсінуіміз керек. Яғни, шенеуніктерді ұстап, қамау, жемқорлықты жүйелі түрде шешпейді. Ұсталған парақордың орнына басқасы келеді де, ескі әдіске салып жұмысты жалғастыра береді. Бұл мәселеге Мемлекет басшысы да ерекше назар аударды. Президент «Жемқорлықтың негізгі шарттарын жоймай, онымен күресу жел диірменімен алысумен бірдей» деп бағасын берді. Осы орайда біздің агенттік жұмыс тәсілін өзгертіп, жаңашылдыққа қадам басты. Бұл бағытта цифрландыру да өз үлесін қосып жатыр», - дейді ведомство басшысы.


Жоғары қарай