Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Шет елде қалған қазақстандықтарды әкелуге барлық күш-жігер жұмылады - Air Astana

2022 жылдың 9 қаңтар 2022 16:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Air Astana авиакомпаниясы шет елдерде қалған қазақстандықтарды елге әкелуге барлық күш-жігерін жұмсайды. Бұл туралы ҚазАқпарат аталған әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазіргі уақытта Ыстанбұлда 500-ден астам жолаушы қалып отыр. Бүгін біздің авиакомпания Нұр-Сұлтан-Ыстанбұл рейсін жасайды. Ыстанбұлға ұшып шығу уақыты 19:05, ал қону уақыты шамамен 21:25 деп отырмыз. Ыстанбұлдан кері қайту рейсі 22:25 сағатты, елге келу шамамен 06:10 сағатта. Барлық жерлерде жергілікті уақыт көрсетілген», - дейді авиакомпания баспасөз қызметі.

Еске салсақ, бұған дейін мыңнан астам қазақстандық турист Түркиядан келе алмай отырғаны хабарланған. Қазақстанның дипломаттары авиажолаушыларға құқықтық, ақпараттық қолдау көрсететін арнайы штаб құрды. Бұдан бөлек, Ыстанбұлда тұратын қандастарымыз да өздерінің қолдауларын жасап жатыр. Қазіргі уақытта қазақстандықтар Қазақ-түрік қорының кеңсесіне жайғасқан. Оларға барлық қолдау, көмектер берілуде.


Жоғары қарай