Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шет елдерде 922 Қазақстан азаматы жазасын өтеп жатыр

2021 жылдың 22 сәуір 2021 10:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Македония Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» Заңы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шарттың басты мақсаты – басқа елдерде сотталған азаматтарымызға жазасын елімізде өтеуге мүмкіндік жасау. Шартқа сәйкес сотталған адамдарды беру үшін: ол адам екі елдің бірінің азаматы болуы тиіс, екі елде де қылмыс болып саналатын әрекет үшін сотталған болуы қажет, сұрау алынған кезде үкім заңды күшіне енген болуы тиіс және кемінде 6 ай өтейтін уақыты қалуы тиіс, сотталған адамның жазбаша келісімі керек», - деді ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Берік Асылов.

Сотталған адам келесі жағдайларда берілмейді:

- егер қылмыскерді беру ел егемендігіне нұқсан келтіретін болса, ұлттық заңнамаға қайшы келсе;

- адам мемлекеттік қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыс үшін сотталған болса;

- сотталған адам талап қою рәсімдеріне тартылған болса. Мысалы, оның қылмысы арқылы келген шығынды қайтару жөнінде сот процесі жүріп жатса.

«Қазіргі кезде екі жақта да беруге жататын сотталғандар жоқ. Осындай шарттар 21 елмен жасалды (Украина, Қытай, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері). Болашақта 6 елмен (Өзбекстан, Кипр, Португалия, Перу және Доминикан Республикасы) қол қоюды қарастырып жатырмыз. Бүгінгі таңда Қазақстанда 970 шетел азаматы бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жатыр. Ал, шет елдерде 922 Қазақстан азаматы жазасын өтеуде. «Халықаралық шарттар туралы» Заңға сәйкес, Шарт ратификациялауға жатады. Себебі, адам құқықтарына тікелей қатысты. Заң жобасы республикалық бюджеттен қосымша қаражат талап етпейді», - деді Б. Асылов.


Жоғары қарай