Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шетелдегі қандастар арасында «Отанға барар жол» байқауы жарияланды

2021 жылдың 29 маусым 2021 17:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шетелде тұратын қандастарымыздың арасында жоғары білім алуға арналған «Отанға барар жол» байқауы жарияланды. Бұл туралы Халықаралық білім беру корпорациясының ректоры Маргарита Имандосова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылдан бастап Халықаралық білім беру корпорациясы «Da Vinci Code», «American Education Challenge», «KAU Challenge», «Connecting Challenge» сияқты республикалық олимпиадалардың нәтижелері бойынша мектеп пен колледждердің ең дарынды түлектері үшін 100-ден астам ішкі грант бөліп отыр. Ал, олимпиаданың барлық қатысушыларына арнайы жеңілдіктер қарастырылған. Сонымен қатар талапкерлерге ҰБТ қорытынды ұпайлары бойынша барлық оқу кезеңіне 100 пайызға дейін жеңілдіктер беріледі», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.

Мұнан бөлек Маргарита Имандосова Халықаралық білім беру корпорациясында екі және одан да көп баласы бар отбасылар, ХБК білім беру ұйымдарында оқитын білімгерлер үшін арнайы жеңілдіктер, сонымен қатар ХБК-да жұмыс істейтін қызметкерлердің балалары үшін, академиялық үлгерімі жоғары студенттер үшін, көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан білімгерлер үшін арнайы жеңілдіктер қарастырылғанын айтты.

«ХБК-да ақылы негізде оқитын, бірақ әр түрлі әлеуметтік және материалдық жағдайларға байланысты оқу ақысын төлеуге мүмкіндігі жоқ дарынды магистранттар мен білімгерлерге «Scholarships» арнайы шәкіртақысы қарастырылған. Осы жылы біз «Отанға барар жол» байқауын ұйымдастыруға шешім қабылдадық», - деді корпорация ректоры.

Ал Халықаралық білім беру корпорациясының бірінші проректоры Қайыржан Меңдіғалиев айтуынша, «Отанға барар жол» байқауы бірнеше кезеңнен тұрады және онлайн форматта өткізіледі. Негізгі кезеңде, байқауға қатысушылар Instagram әлеуметтік желісінде «Қазақ халқының тарихындағы көрнекті тұлғалар» және «Мен неге Халықаралық білім беру корпорациясына түскім келеді» тақырыптарында бейне-эсселер ұсынады. Ақтық сында қатысушылар онлайн-сұхбаттасудан өтеді. Сонымен қатар ол Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарын осы бастамаға қосылуға, шетелде тұратын және өз туған елімен бірігуге ұмтылған отандастарымызды - этникалық қазақтарды қолдауға шақырды. «Болашақта, егер еліміздегі 120-дан астам ЖОО-ның әрқайсысы 1 ішкі гранттан бөлсе, тиісінше 120-дан астап талапкер-қандас өз отбасыларымен бірге туған жерінде өз болашағын табуға мүмкіндік алады», - деді Қайыржан Меңдіғалиев.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: ЖОО-лар, Білім, Қандастар,
Жоғары қарай