Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Шетелден келгендерден індет жұқтырмағанын растайтын ПТР тест талап етіледі

2022 жылдың 18 қаңтар 2022 10:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шетелден келгендерден теріс ПТР тест талап етіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Эпидемиологиялық жағдайдың күрделілігін, омикрон штамының тез көбеюін ескере отырып, бірқатар шектеу шаралары күшейтілді. ҚР мемлекеттік шекарасын кесіп өту пунктілерінде вакцинация мәртебесіне қарамастан, шетелден келгендердің бәрінде міндетті түрде теріс ПТР тест болуы талап етіледі. Ashyq бойынша «жасыл» мәртебе болған жағдайда ғана қызметіне рұқсат етілген нысандардың тізбесі кеңейтілді», - деді Ажар Ғиният.

Оның атап өтуінше, өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты оқушыларды, студенттерді оқытуға сараланған тәсіл қолданылады.

«Шектеу шараларын енгізу әрбір нақты өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты сараланып жүзеге асырылатынын атап айтқым келеді. Омикрон түрінің клиникасы, жіті респираторлық вирустық инфекция және тұмау белгілеріне ұқсастығын ескере отырып, отандастарды медициналық көмекке уақтылы жүгінуге шақырамын. КВИ белгілері пайда болған кезде үйде оқшаулануға, дәрігерді немесе мобильді бригаданы үйге шақыруды сұраймын. Басқа адамдардың өміріне, денсаулығына қауіп туғызбаңыздар. Естеріңізге сала кетейін, омикрон түрі өте жұқпалы, тез таралады. Уақтылы жүгінген кезде ауруханаға жатқызылмай-ақ үйде емдеуге болады. Өзін-өзі емдеу аурудың асқынуына әкелетінін атап өткім келеді», - деді министр.


Жоғары қарай