Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Шетелдік органдар Әбілязовті айыптау бойынша қосымша дәлелдер ұсынды - Агенттік

2019 жылдың 25 шілде 2019 18:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Екінші шетелдік сот БТА банкінің талап-арызы бойынша Мұхтар Әбілязовтің айыбын растады. Бұл туралы брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысы Сергей Перов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аяқтаған қылмыстық істің нәтижелері бойынша «БТА Банкі» АҚ бұрынғы директорлар кеңесінің төрағасы М. Әбілязовтің қылмыстық қоғамдастықтың барлық жеті қатысушысы сотқа берілді.

Прокуратура Ресейдің үш азаматы, яғни Артур Трофимов (Австрияда босқын мәртебесіне ие), Максим Хаблов, Анар Абдихаимова, Украинаның бір азаматы - Ержан Кадесов және үш қазақстандық - Анатолий Погорелов, Валерий Налобин және Зауре Жүнісова бойынша айыптау актісін бекітті», - деді С. Перов.

Оның сөзіне қарағанда, аталған адамдар тергеуге толық көмек көрсете отырып, Әбілязовтің ақшаны ұрлау және жылыстату бойынша қылмыстық схемаларын егжей-тегжейлі ашты.

«Қылмыстық іс Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында қарастырылады. Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Әбілязовтің өзін қоса алғанда, халықаралық іздеудегі 17 күдіктіге қатысты қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда», - деп нақтылады ол.

С. Перовтың атап өтуінше, халықаралық-құқықтық ынтымақтастық аясында шет мемлекеттердің құзыретті органдары Әбілязовтің ақшаны ұрлауға және шетелде жылыстатуға кінәлі екеніне қосымша дәлелдер ұсынды.

«Алынған мәліметтер дәлелдік базаны нығайтып, қылмыстық және азаматтық процестер аясында шетелде зерттелетін жағдайларды айтарлықтай дәрежеде түсіндірді. Мысалы, 2019 жылғы 3 шілдеде Нью-Йорк штатының Округтік сотының судьясы Кэтрин Паркер азаматтық талқылаудың барлық материалдарын, соған қоса Әбілязовтің сотта берген жауаптары мен оның ұсынған құжаттарын зерттеп шығып, оған қарсы санкциялар қолдану туралы шешім шығарды. Сот Әбілязов өзінің қолындағы құжаттарды қасақана жасырып, қойылған сұрақтарға әдейі жауап бермеді деген қорытындыға келді», - деді департамент басшысы.

Нәтижесінде, сот оны қазақстандық тараптың адвокаттардың қызметіне жұмсалған шығындарын өтеуді міндеттеді және өзінің қорғауын қолдау бойынша қосымша құжаттарды мәлімдеуге тыйым салды. Осылайша, екінші шетелдік сот БТА банкінің Әбілязовке қарсы қойылған талаптарының негізділігін растады және оның оларға келтірілген дәлелдеріне күмән келтірді.

Осыдан бұрын Лондонның Жоғарғы соты үнемі алдап, сотты жаңылыстырып жүргені үшін Әбілязовті 22 айға түрмеге қамау жазасына үкім шығарды, соның нәтижесінде одан БТА банкінің пайдасына 4 млрд долларды өндіріп алу туралы шешім шығарылды.

Жоғары қарай