Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шетелдіктердің еңбегін заңсыз пайдаланған 500 жұмыс беруші жауапқа тартылды

2021 жылдың 14 маусым 2021 13:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде рұқсатсыз шетелдіктердің еңбегін пайдаланған 500 жұмыс беруші жауапқа тартылды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның атап өтуінше, ішкі істер органдары көші-қон заңнамасын қасақана бұзушыларды анықтауға бағытталған «Мигрант» жедел іс-шарасын 7 маусымнан бастап өткізіп жатыр.

«Операцияның 7 күнінде тиісті рұқсатсыз шетелдік жұмыс күшін пайдаланған 500 жұмыс беруші жауапқа тартылды. Заңсыз көші-қон ұйымдастыру фактісі бойынша 18 қылмыстық іс қозғалды», - деді ол.

Мәселен, ресми өкілдің айтуынша, Шымкент қаласында мектеп құрылысына 30 шетелдікті заңсыз жұмысқа салу фактісі анықталып отыр.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: ҚР ІІМ, Заң,
Жоғары қарай