Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Шетелдіктердің Қазақстанға виза алуы жеңілдетілді

2019 жылдың 20 желтоқсан 2019 10:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның инвестициялық және туристік тартымдылығын арттыру – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қойған стратегиялық міндеттердің бірі. Осыған байланысты ІІМ көші-қон қызметін жеңілдету және көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді жеделдету жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл ІІМ «Шетелдікті шақыру» қызметін электронды форматқа өзгертті.

Елге кіруге арналған шақыруды рәсімдеу - Ішкі істер минитрлігі көрсететін ең сұранысқа ие қызметтердің бірі. Қазақстанға келгісі келетін шетелдіктер құжат жинап, Қазақстан елшілігіне жеке келіп, жауабын күтуі керек және ол 30 күн, тіпті одан да ұзаққа созылып кететін.

Енді бұл қызметті үйден шықпай www.vmp.gov.kz порталынан 5 күн ішінде алуға болады.

Порталда шақыруды рәсімдеп жатқан шетелдікке мыналар қажет:

- өтінімді толтырып, шетелдіктің мәліметтерін енгізу,

- электронды үкімет төлем шлюзі арқылы мемлекеттік салықты төлеу (әр шақырылған азаматқа 0,5 АЕК),

5 жұмыс күні өткеннен кейін өтінім берушінің жеке кабинетіне шақырудың 10 таңбалы тіркеу нөмірі келеді, оны шетелдік азаматқа хабарлау керек.

- шетелдік азамат шақыру-көші-қон порталында өтінімді толтырады. 15 минут өткеннен кейін шетелдік азамат электронды визаға ие болады, ол:

- визаны қағазға шығарып, Қазақстан шекарасында паспорттық тексерістен өту кезінде Шекара қызметі қызметшілеріне көрсетуі керек.

Қазір шетелдіктерді электронды шақыру қызметі Қазақстанға жұмыс бабымен келетін адамдарға «В1», «В2» және «В3» бір реттік визасын, жеке мақсатпен келгендерге «В10» санатты виза жасауға болады.

Электронды виза арқылы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы халықаралық әуежайлардан өтуге болады. Қазақстан Республикасының шекарасынан мұндай тәртіппен өткізуді басқа қалаларда 2020 жылдың ішінде енгізу жоспарланып отыр.

Жоғары қарай