Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Шетсіз қала: Алматыда 22 саябақ пен сквер жөндеуден өтті

2021 жылдың 14 сәуір 2021 21:13

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылықтар үшін өзекті мәселелелердің бірі демалатын және спортпен шұғылданатын жасыл алаңдардың азайғаны. Бұл проблеманың қалай шешіліп жатқанын мегаполис басшысы Бақытжан Сағынтаев «Алматыны дамыту – 2021: көріктендіру және көгалдандыру жобалары» онлайн-таныстырылымы барысында айтты, деп хабарлайжы ҚазАқпарат тілшісі.

Карантинге қарамастан, өткен жылы 22 саябақ пен сквер жөнделді, соның ішінде 28 гвардияшы-панфиловшылар паркі, 10 жаяу жүргіншілер көшелері жөнделіп 14 жаңа жасыл аймақ құрылды.

Алматы әкімі Б. Сағынтаев атап өткендей, мемлекет басшысының тапсырмасын орындау бойынша «Шетсіз қала» бағдарламасы қабылданды, негізінен Алматы қаласының шалғай аудандарындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған.

«Алатау (234 га), Жетісу (258 га), М.Әуезов аудандарында (249 га) әрдайым демалыс орындары тапшы болды. Сондықтан былтыр нөлден бастап қараусыз қалған аумақтарда жаңа демалыс аймақтарын салу қолға алынды. салынды. Мысалы, Алатау ауданының «Қарасу» ықшамауданындағы батпақ орнында серуендейтін саябақ, амфитеатр пайда болды, олардың барлығы заманауи сыртқы жиһазбен жабдықталған. Жөндеу жұмыстары «Дружба» саябағында және Шухов атындағы скверде жүргізілді. Бұрын бұл мектеп пен аурухана арасындағы иесіз аймақ болған, қазір балалар мен ересектер мұнда серуендейді, спортпен шұғылданады. Түрксіб ауданында әуежай маңында жаңа «Желтоқсан» саябағы салынды. 55 га жерде балалар мен спорт алаңдары ұйымдастырылып, көлдің бойына серуендеу пирсы салынды»,-дейді әкім.

Алматыда қалалық ортаны жоспарлауда түбегейлі жаңа тәсілдер қолданылады. Мақсат – құрылыстың қаланың жоспарлауы мен қабылдауына кері әсерін тигізбеуін қамтамасыз ету. Жаңа әдістің мәнін шамамен үш тармаққа бөлуге болады.

«Біріншіден, саябақ аумақтарын полиорталықтандыру. Бұрын қалада тек 2 үлкен саябақ болған – Тұңғыш Президент саябағы мен Орталық демалыс саябағы, енді әр ауданда осындай саябақтар болады. Екінші - жоспарлау әдісі. Жайлы серуендейтін аймақтарды құруға бағытталған.Үшінші. Тұрғындармен жұмыс. Саябақ идеясының алғашқы кезеңінде тұрғындардың жаңа саябақ жөніндегі пікірлерін ескереміз. Осыған байланысты биыл 9 жаңа саябақ аймағының құрылысы басталады», - деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Әкім, Алматы,
Жоғары қарай