Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Шиеліде электр тоғымен балық аулағандар ұсталды

2019 жылдың 18 қыркүйек 2019 14:58

ШИЕЛІ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Шиелі ауданында электр тоғын пайдаланып, заңсыз балық аулаған жергілікті тұрғындар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шиелі ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандарымен бірлескен рейд өткізді. Оның барысында Бестам ауылының тұсындағы Телкөл каналының жағасында заңсыз балық аулап жүрген Шиелі ауданының тұрғындары ұсталды. Жергілікті тұрғындар электр тоғын заңсыз пайдаланып, балық аулап жүргені анықталды.

«Олардан резеңке қайық, аккумулятор және 30 келіден астам балық тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы 1-бөлігімен тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда балық ресурстарын заңсыз алу жағдайы көрсетілген. Олардың кінәсі дәлелденсе, сот шешімімен белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айырылады. Сондай-ақ, 160 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салынуы, 160 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартылуы, 40 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.


Жоғары қарай