Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Шілде айында депозиттер бойынша мөлшерлемелер бұрынғы деңгейінде сақталады

2020 жылдың 1 маусым 2020 14:17

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) теңгелік депозиттер бойынша шілде айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерінің бекітілгенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«12 және 24 айға қабылданған жинақ депозиттер бойынша ұсынылатын шекті мөлшерлемелер бұрынғы деңгейінде қалады, яғни толықтырылатын түрі - 12,9% және сәйкесінше толықтырылмайтын түрі - 14,9%. Бұл ретте осы мерзімдерге ашылған мерзімді депозиттер бойынша мөлшерлемелер толықтырылатын түрі бойынша 0,1 пайыздық тармаққа және толықтырылмайтын түрі бойынша 0,3 пайыздық тармаққа азаяды»,– деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.

Сондай– ақ, 12 және 24 айға арналған мерзімді және жинақ салымдар бойынша ұсынылатын максималды мөлшерлемелер орташа алынған нарықтық сыйақы мөлшерлемелері негізінде есептеледі.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры қысқа мерзімді салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемелерін баяу төмендету туралы бұған дейін қабылдаған шешіміне сәйкес базалық мөлшерлемеге қатысты спредті 1% -ға төмендетті. Осылайша 9,5 пайыз болатын қазіргі қолданыстағы базалық мөлшерлеме мен жеке тұлғалардың салымдары бойынша бұған дейін бекітілген мөлшерлемелер арасындағы алшақтық біртіндеп азайтылды.

«Соның нәтижесінде теңгедегі мерзімсіз депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлемелер жылына 10,0 пайыз деңгейінде бекітіледі. Толықтыру құқығы бар, 3 және 6 ай мерзімге арналған мерзімді депозиттер бойынша мөлшерлемелер - 10,0 пайызды, толықтырылмайтын түрі бойынша - 10,5 пайызды құрайды. Осы мерзімге арналған жинақ депозиттер бойынша мөлшерлемелер, толықтырылатын түрі бойынша - 11,0 пайызға, ал толықтырылмайтын түрі бойынша 11,5 пайызға тең», – деп атап өтті қордан.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Экономика, Алматы,
Жоғары қарай