Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО әкімі Семей медициналық мекемелеріне жаңа автокөлік кілттерін табыс етті

2020 жылдың 11 тамыз 2020 05:31

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Семейге келді. Аймақ басшысы қаланың медициналық мекемелеріне жаңа автокөлік кілттерін табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Індет тарап жатқан тұста дәрігерлерге мобильді болу өте маңызды. Бұл көліктерді дәрігерлер мен медбикелер пайдалану керек. Сондай-ақ біз Семейге жақын арада тағы бір компьютерлік томограф аламыз. Ол №2 қалалық ауруханаға жеткізіледі», – деді Даниал Ахметов.

Семей қаласында бүгінде жалпы саны 360 мыңнан астам адам тіркелген 23 медициналық-санитарлық мекеме жұмыс істеуде.

«Бүгін қала дәрігерлеріне 19 қызметтік көліктің кілті табысталды. Пандемия басталғалы бері бізге қолдау көрсетіп келе жатқан облыс басшылығына ризашылығымызды білдіреміз», - дейді №3 қалалық емхананың бас дәрігері, қалалық жедел штаб мүшесі, медициналық мәселелер жөніндегі үйлестіруші Найля Альменева.

Естеріңізге сала кетейік, шілде айының басынан бастап облыс әкімінің тапсырмасы бойынша өңірде 373 мобильді бригада құрылған болатын. Бүгінгі таңда 19 жаңа автокөлік алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесіне жіберілді. Осы жылы қосымша қажетті медициналық жабдықтары бар тағы 216 жедел жәрдем көлігі сатып алынбақ. Облыстық бюджет есебінен 100 автокөлік медициналық мекемелерге 1 қыркүйекке дейін жіберілетін болады.


Жоғары қарай