Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

ШҚО-да 12 мыңға жуық адам 42 500 теңгеден көмек алды

2020 жылдың 10 сәуір 2020 14:45

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлем алуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша бүгінде 12 мыңнан астам адамға қаржылай көмек көрсетілген. Жалпы өтініш білдіргендер саны 100 мыңға жуық.

«Қазпошта мен банк бөлімшелерінде қызметкерлер саны 900-ден 1500-ге дейін артты. Бұл халыққа уақтылы қызмет көрсету үшін қажет», - деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Сондай-ақ барлық бөлімшелердің жұмыс уақыты кешкі сағат 21.00-ге дейін ұзартылған. Дүйім жұрт демалыс күндері де арнайы әлеуметтік есепшот ашып, жәрдемақы ала алады.


Жоғары қарай