Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ШҚО-да 130 келі балықты заңсыз аулаған ер адам ұсталды

2022 жылдың 19 қаңтар 2022 00:41

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 130 келі балықты заңсыз аулаған ер адам ұсталды , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Марқакөл табиғи қорығы аумағында заңсыз балық аулау фактісі тіркелген.

«Күршім аудандық ПБ табиғат қорғау полициясының инспекторлары Марқа көлінде рейд жүргізу кезінде 45 жастағы ер адамды байқады. Тексеру барысында одан жалпы салмағы 127 келіні құрайтын майқан балығы табылып, тәркіленді. Осының салдарынан мемлекетке келтірілген шығын мөлшері 600 000 теңгеден асады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігі (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жоғары қарай