Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
CNY 57.92

ШҚО-да 14 жасар бала коронавирус жұқтырған

2020 жылдың 5 сәуір 2020 13:27

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында коронавирусты жұқтырған бесінші адам Семей қаласының тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, бүгін еліміздің 3 облысында корнавирус жұқтырудың 20 жағдайы тіркелгендігі мәлім болды. Оның ішінде Шығыс Қазақстан облысынан қауіпті вирусты 1 адам жұқтырған болатын.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджанның айтуынша, ол 2006 жылы туған Семей қаласының тұрғыны.

«Науқас 30 наурыздан бастап ауырған. Бойын әлсіздік билеп, құрғақ жөтел пайда болып, дене қызуы 38 градусқа дейін көтерілген. 3 сәуір күні оған рентгенографиялық тексеру жүргізілді. Қорытындысы бойынша пациентке «пневмония» диагнозы қойылған. Алгоритм бойынша ол COVID-19-ға да тексерілді. Алынған сынама нәтижесі оң болып шықты», - дейді ол.

Жұқпалы дертке шалдыққан бала және оның отбасы мүшелері, жақын туыстары басқа елге шықпаған.

«Қазіргі уақытта науқастың жағдайы орташа. Онымен байланыста болған 51 адам анықталып отыр. Олардың барлығы оқшауланды. Пациенттің тұрғылықты жері бойынша дезинфекция жұмыстары жүргізілді», - дейді Ілияс Мұхамеджан.


Жоғары қарай