Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

ШҚО-да 140-тан аса тұрғынға табиғатты ластағаны үшін айыппұл салынды

2020 жылдың 30 шілде 2020 16:07

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы аумағында 24 шілде мен 30 тамыз аралығында қоршаған ортаны қорғау және ластанудан сақтау мақсатында «Таза Қазақстан» жедел-профилактикалық шарасы өтіп жатыр.

Ол экология заңнамасын бұзушыларды анықтауға бағытталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мекемедегілердің хабарлауынша, қазір полиция қызметкерлері қала мен елдімекен аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзу, инфрақұрылым, жасыл алқапты жою және зақым келтіру бойынша 147 фактіні тіркеген.

«Жақында Өскемен қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері көлігіне қоқыс тиеп алып, бекітілмеген жерге төккен адамды анықтады. 36 жастағы тәртіп бұзушы ҚР ӘҚБК 505-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды», - деді ШҚО ПД басшысының міндетін атқарушы Жанболат Кәлетаев.

ШҚО Полиция департаментінің хабарлауынша, полиция қызметкерлері апта бойы табиғатты қорғау заңнамасын, су айдындары мен басқа да қорғауға алынған жерлердегі тәртіпті бұзу оқиғаларын тіркеуге алынады.

Фото: ШҚО ПД

Авторы: Орал Ерланұлы


Жоғары қарай