Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ШҚО-да 16 жастағы студенттен қару тәркіленді

2022 жылдың 29 қаңтар 2022 18:13

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 16 жастағы студенттен қару тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмыскерлердің жолын кесу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу шарасы жүргізілуде.

«Шара басталғалы бері қаруды заңсыз алып жүру мен сақтаудың 10 фактісі анықталды. Мәселен, колледждердің бірінде оқитын 16 жастағы студенттен тегіс ұңғылы мылтық тәркіленген», - делінген ақпаратта.

Белгілі болғандай, ол 2021 жылдың қазан айында үйінің шатырынан қапқа оралған мылтықты тауып алған. Полицейлер әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында қаруды заңсыз сақтаған жасөспірімді анықтады. Студент өз аккаунтында мылтықпен түскен суретін жүктеп қойған.

Сарапшының қорытындысына сәйкес, бұл атуға жарамды 12 калибрлі тегіс ұңғылы аңшылық мылтық. ІІМ БДБ базасына тіркелмеген. Кәмелетке толмаған жасөспірімнің 37 жастағы анасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.


Жоғары қарай