Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да 200-ге жуық автобус жүргізушісі рульде отырып телефон пайдаланған

2021 жылдың 12 қазан 2021 05:44

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында рульде отырып телефон пайдаланған 200-ге жуық автобус жүргізушісі жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары өңір аумағында «Автобус» жедел алдын алу шарасын жүргізуде.

- Жеті күн ішінде1045 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Оның ішінде көлік шығарындысындағы ластаушы заттардың нормадан асқаны үшін - 94, рульде отырып телефон пайдаланған - 183, жолаушыларды және жүктерді тасымалдау ережелерін бұзған 18 адам жауапқа тартылды. Сондай-ақ 180-нен астам қоғамдық көлік жүргізушісі маневр жасау ережелерін бұзса, 11 адам өз маршрутында еңбек және демалыс режимін бұзып жүргені анықталды, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Мәселен, Өскемен қаласында полиция қызметкерлері «DАEWOO» маркалы автобусты тоқтатып, құжаттарды тексеру кезінде 41 жастағы жүргізушінің осы көлікті басқаруға құқығы жоқ екені белгілі болды. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.


Жоғары қарай