Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да 200 шаршы метрге жайылған қоймадағы өрт сөндірілді

2020 жылдың 30 қараша 2020 09:52

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында мекемелердің бірінің пайдаланусыз тұрған қоймасынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 29 қарашада сағат 23.00 шамасында Өскемен қаласындағы Бейбітшілік көшесінде орналасқан қойманың шатырында өрт шыққан. Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар тілсіз жауды ауыздықтауға кірісті.

«50 минут ішінде жалпы аумағы 200 шаршы метрді құраған қызыл жалын толықтай өшірілді. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда. Зардап шеккендерт жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Өртпен күреске 8 техника мен жеке құрамнан 38 адам жұмылдырылған. Осы ретте, ТЖД тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.


Жоғары қарай