Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да 26 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

2021 жылдың 28 қазан 2021 14:55

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында «Учаске» жедел алдын алу шарасы барысында 26 мыңнан астам адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 1 қыркүйекте басталған шара өңір халқымен тығыз қарым-қатынас орнатуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған. Тәртіп сақшылары күн сайын сауалнама парақтарын толтыра отырып, көпқабатты үй пәтерлерін, аулалар мен жеке тұрғын үйлерді аралауда.

«Осы уақытқа дейін полицейлер көпқабатты үйлердің 218 мыңнан астам пәтерін, 175 мыңға жуық жер үйді, 33 320 саяжайды, 5 000-нан астам шаруа қожалығы мен қыстақты аралады. Базарлар мен сауда орындарында 1569 рейд жүргізілді. Нәтижесінде, тұрғылықты жері жоқ 450-ден астам адам анықталды. 14 350 азаматтық қару иесі тексеріліп, заңсыз айналымнан 27 қару тәркіленді», - деді облыстық ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Жалпы шара барысында 26 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.


Жоғары қарай