Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да 26 жастағы жігіттен гашиштің ірі партиясы тәркіленді

2021 жылдың 7 қыркүйек 2021 19:25

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері гашиштің ірі партиясын тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Глубокое ауданының 26 жастағы тұрғынын ұстады.




«Күдіктінің «Nissan» маркалы автокөлігінен жасыл түсті ұнтақ тәрізді зат салынған 24 полимер түйіншек табылды. Сондай-ақ оның үйі мен моншасын тінту кезінде изолентамен оралған осындай 59 түйіншек тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл «Гашиш» есірткісі. 100 дозаның жалпы салмағы 408,2 грамм. Оның «қара нарықтағы» бағасы – 664 мың теңге», - деді басқарма бастығы Нариман Күлдіков.

Белгілі болғандай, ер адам ешқандай делдалсыз, жалғыз жұмыс істеген. Telegram мессенджері арқылы тапсырыс қабылдап отырды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.








Жоғары қарай