Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да 4 браконьерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

2021 жылдың 1 қараша 2021 10:16

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 300 келіден астам балық аулаған браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 20 қазаннан бастап өңір аумағында «Браконьер» жедел алдын алу шарасы жүргізілуде. Шара барысында 280-нен астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталған. Сондай-ақ 4 браконьерге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

«Полиция қызметкерлері Зайсан көлінде заңсыз балық аулаған Көкпекті ауданының 38 жастағы тұрғынын ұстады. Бұдан бөлек, Алтай ауданында 33 жастағы ер адамның көлігінің жүксалғышынан заңсыз ауланған балық табылды. Жалпы браконьерлерден 300 келіден астам балық, қайықтар, синтетикалық аулар, қайық моторлары мен ескектер тәркіленді», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Барлық фактілер бойынша ұсталған адамдарға қатысты ҚР ҚК-нің 335-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Жоғары қарай