Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да 470 мың адам медициналық маскамен тегін қамтамасыз етілмек

2020 жылдың 26 наурыз 2020 02:43

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасымен 25 наурыздан бастап медициналық маска тігу қолға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Семей қаласындағы «УК Юнис» және «СемСпецСнаб» ЖШС мекемелері маска тігу жұмыстарына білек сыбана кірісіп кеткен. Осыған дейін өңірде дәкеден медициналық маска жасау жолға қойылған болатын.

«Бүгін біз 30 мың метр мата алдық. Ертең тағы да қосымша мата жеткізілмек. Бұл 1 млн дана маска тігу үшін қажетті. Бұған дейін дәкеден төрт қабатты маска жасағанбыз, ал енді екі қабатты маска бөзден (мақтадан жасалатын мата) тігілмек. Негізінен осы материалдан тігу әлдеқайда оңай», - дейді «СемСпецСнаб» ЖШС директоры Айнұр Ахметова.

Жуықта медициналық маска сатылымға шығарылады. Шығыс Қазақстанның 470 мың тұрғыны маскамен тегін қамтамасыз етіледі. Оның ішінде соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, барлық топтағы мүгедектер, көпбалалы отбасылар, жетім балалар мен зейнеткерлер бар.

Жоғары қарай