Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

ШҚО-да Абайдың 175 жылдығына орай ұлттық ат спортынан фестиваль өтеді

2020 жылдың 28 қаңтар 2020 16:36

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында ұлы ақынның мерейтойына орай 14-16 тамыз аралығында ұлттық ат спорты түрлерінен фестиваль өткізілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Ішкі саясат басқармасының басшысы Ирина Смиттің айтуынша, хакімнің 175 жылдығында облыстың қала-аудандарында жалпы саны 93 спорттық шара ұйымдастыру жоспарланып отыр. Оның ішіндегі ең ауқымдысы – ұлттық ат спорты түрлерінен өтетін фестиваль болмақ.

«Бұл фестиваль 14-16 тамыз аралығында Абай ауданының орталығы Қарауыл ауылында өтеді. Қатысушылар 15 ұлттық спорт түрі бойынша сайысқа түспек. Сондай-ақ жартылай марафон ұйымдастырылып, жасөспірімдер футбол, волейбол, баскетбол бойынша бақ сынасады» - дейді ол.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін ШҚО-да Абай мерейтойына орай 560 шара өтетіні хабарланған болатын.


Жоғары қарай