Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ШҚО-да «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша тұңғыш нәресте дүниеге келді

2022 жылдың 14 қаңтар 2022 17:45

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша тұңғыш нәресте дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ШҚО филиалы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша ЭКО арқылы тұңғыш нәресте жарық дүние есігін ашты.

«Бұл бақытты сәттерін алғаш рет ата-ана атанып отырған ерлі-зайыпты 2016 жылдан бері күткен. 35 жастағы әйел адам экстракорпоральді ұрықтандыру арқылы МӘМС жүйесі аясында бала көтеріп, аман-есен босанды», - делінген ақпаратта.

Бүгінде ана мен бала өзін жақсы сезінеді. Ұлдың салмағы - 3661 грамм, бойы - 52 см.

«Өзімізді сондай бақытты сезінудеміз. Барлық жұмыстар тегін болып, отбасымыздан еш шығын шыққан жоқ. Ұлымыздың атын Марк деп қойдық», - деді Өскемен қаласының тұрғыны Алена Долгих.


Жоғары қарай