Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да ауылдық округ әкімі сайлауына 77 үміткер түсіп отыр

2021 жылдың 25 шілде 2021 11:58

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында ауылдық округ әкімі сайлауына 77 үміткер түсіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, үміткерлердің ең көп саны Үржар ауданының Мақаншы, Катонқарағай ауданының Белқарағай және Глубокое ауданының Ушанов ауылдық окруктерінде тіркелген. Аталған округтерде төрт адамнан, 72 сайлау округінде үш адамнан, қалған 2 сайлау округінде 2 кандидаттан сайлауға түсіп отыр.

«Кандидаттардың жалпы санының ішінде 171 ер адам және 61 әйел адам. Үміткерлердің орташа жасы - 44. Ең жас кандидат 26 жаста, ол Алтай ауданы Тұрғынын ауылдық округінің әкімдігіне үміткер. Ал 61 жастағы ең жасы үлкен кандидат Үржар ауданы Мақаншы ауылдық округінің әкімі лауазымына дауысқа түседі», - делінген хабарламада.

Көкпекті ауданының Палацын және Шемонаиха ауданы Выдриха ауылдық окруктерінде ауыл әкіміне үш әйелден үміткер болып отыр.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстанда 221 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұрғандығын хабарлаған болатынбыз .


Жоғары қарай