Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ШҚО-да бір күнде түтін тұмшалаған үйлерден 17 адам эвакуацияланды

2022 жылдың 13 қаңтар 2022 16:07

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында бір күнде түтін тұмшалаған үйлерден 17 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Шемонаиха ауданы Заслонова көшесіндегі көпқабатты тұрғын үй подъезін көк түтін басқан. Оқиға орнына құтқарушылар шұғыл келіп жетті. Олар қауіпсіздік мақсатында 10 тұрғынды, оның ішінде төрт баланы эвакуациялады.




«Глубокое ауданы Быструха ауылында жеке тұрған дүкенде өрт шыққан. Өрт сөндірушілер шатырды, еденді, есік пен тауарларды шарпыған қызыл жалынды ауыздықтады. Алдын ала мәлімет бойынша оттың шығу себебі – пеш пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамау», - делінген ақпаратта.




Өскеменде Нұрсұлтан Назарбаев даңғылындағы 5 қабатты үйдің подъезінде қоқыс жанған. ТЖД қызметкерлері барлау барысында подъез ішінен улану белгілері бар 1970 жылғы тұрғынды тауып, ауруханаға жеткізді. Сондай-ақ өрт сөндірушілер 7 тұрғынды, оның ішінде 3 баланы эвакуациялады.











Жоғары қарай