Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да бір түнде 26 адам қар құрсауынан құтқарылды

2021 жылдың 23 қаңтар 2021 10:38

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында бір түнде 26 адам қар құрсауынан құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бірінші қоңырау «Мақаншы-Үржар» тасжолында Toyota Highlander көлігі жыраға құлап кеткен жүргізушіден түсті. Оқиға орнына келген №54 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері арнайы техникамен көлікті сүйреп шығарды. Осылайша, 3 адам Мақаншыға қарай қайта бет алған.





«Сондай-ақ «Мақаншы-Благодарное» тасжолында қарға батқан 2 көлікте 4 адам болған. Құтқарушылар бірден сол жерге жетіп оларды эвакуациялады. Дәл осындай жағдай Тарбағатай ауданындағы Ақжар-Шілікті тасжолында тіркелген. Қар құрсауында қалған 2 көліктегі 4 азаматты №52 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері маңайдағы қыстаққа жеткізді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.





Ал «Омбы-Майқапшағай» тасжолында жолда қалған 6 көліктің ішінде «Газель» мен КамАЗ болған. Құтқарушылар көліктерді қардан шығарып, 15 адамды Зайсан қаласына дейін апарып тастады.

Жалпы 1 түннің ішінде қар құрсауында қалған 26 адам құтқарылды.


Жоғары қарай