Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.10
EUR 454.34
RUB 5.82
CNY 57.62

ШҚО-да бір үйден екі мылтықты ұрлаған күдікті ұсталды

2020 жылдың 7 сәуір 2020 07:18

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында Глубокое ауданының тұрғыны жеке үйден екі қару, 1,6 млн теңгеның алтын бұйымдары мен құндыз тонды қрлаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 33 жастағы Павлодар облысының тұрғыны Өскемен қаласындағы танысының үйіне қонаққа келген. Ер адам жергілікті базардың бірінен тауар алып жүрген кәсіпкер ерлі-зайыптыны байқап қалады. Олардың соңынан аңдып, Глубокое ауданындағы үйлеріне анықтап алған.

«Өз әрекетін бүге-шүгесіне дейін жоспарлаған ер адам ерлі-зайыпты үйден шығып кеткен соң есіктің құлпын бұзып, ішке кірген. Бөлмелерді тіміскілеп, 1,6 млн теңгеге бағаланған алтын бұйым мен құндыз тонды ұрлайды. Сондай-ақ ол қару-жарақ сейфінен 12 калибрлі «ИЖ-27» және «ИЖ-54» мылтығын жымқырып кеткен», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Тәртіп сақшылары күдіктіні көп ұзамай қолға түсірді. Өз кінәсін толықтай мойындаған павлодарлық уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 291-бабы1-бөлігі және 188-бабы 1-бөлігінің 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр.

Жоғары қарай