ШҚО-да бірқатар жолдар жабылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының қолайсыздығына байланысты Шығыс Қазақстан облысында бірқатар жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Құрметті жүргізушілер, ауа-райының қолайсыздығына байланысты «Үшарал-Достық» автожолының 84-184 шақырымы (Көктума-Достық) аралығы және «Омбы-Майқапшағай» автожолының 756-906 шақырымы (Семей-Қалбатау) учаскесінде жүк және қоғамдық автокөліктердің қозғалысына, ал «Өскемен-Шемонайха-Ресей Федерациясы шекарасы» автожолының 15-123 шақырымы (Глубокое-Ресей Федерациясының шекарасы) учаскесінде барлық автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылды», делінген хабарламада.