Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да биыл 58 жасөспірім құқық бұзушылық жасаған

2021 жылдың 28 маусым 2021 22:14

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында Біріңғай ата-аналар жиналысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Онлайн форматта өткен біріңғай ата-аналар жиналысына 1400-ге жуық адам қатысқан. Олардың ішінде мұғалімдер, ата-аналар, психологтар, денсаулық сақтау саласының, құқық қорғау органдарының және Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері бар. Талқыланған басты тақырыптардың бірі – балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру.

«Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқық бұзушылық жасауының алдын алу, каникул күндерінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінде ата-аналар немқұрайлылық танытпауы керек. Өкінішке қарай, облыста мектеп оқушыларының заң бұзуы аз тіркеліп жатқан жоқ. Жыл басынан бері полицияға 6 213 жасөспірім жеткізілді, оның 58-і құқық бұзушылық жасаған», - деді ШҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы Қарлығаш Құдекенова.

Бұдан бөлек, жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу мәселесі өзекті болып отыр. Биыл 69 мектеп оқушысы босанса, 34 қыз жасанды түсік жасатқан. Бүгінгі таңда кәмелеттік жасқа толмаған 70-тен астам қыз жүктілік бойынша тіркеуге алынған. Статистика бойынша жүкті болған жасөспірімдердің 30 пайызы жасанды түсік жасатуда.

«Мұндағы басты себеп – жыныстық тәрбиенің дұрыс берілмеуі. Үйлерде көбінесе бұл тақырыпқа мүлде тыйым салынған. Сондықтан балаларға ерте бастан түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет», - дейді Өскемен қаласының бас гинекологы Марат Көксегенов.


Жоғары қарай