Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да браконьерден 100 келіге жуық балық тәркіленді

2021 жылдың 5 қараша 2021 00:22

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында браконьерден 100 келіге жуық балық тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Зайсан ауданының полицейлері заңсыз балық аулаған ер адамды ұстады.

«Браконьер» жедел алдын алу шарасы аясында тәртіп сақшылары Зайсан көлінің солтүстік-батыс жағындағы тыйым салынған аумақта заңсыз балық аулаған 49 жастағы Үшкөмей ауылының тұрғынын қолға түсірді. Одан моторлы қайық, 100 метрлік екі тор, жалпы салмағы 91 келіге жететін 3 қап көксерке тәркіленді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Күдікті аудандық полиция бөліміне жеткізілген. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігіне (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.








Жоғары қарай