Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

ШҚО-да браконьердің көлігінен 306 келі балық табылды

2020 жылдың 17 қаңтар 2020 10:50

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында заңсыз балық аулаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Браконьер» жедел алдын алу шарасы барысында полиция қызметкерлері 9 қаңтар күні таңғы сағат 5.00 шамасында Қалжыр-Күршім тасжолынан Toyota Carina маркалы көлікті тоқтатқан. Тексеру барысында 28 жастағы жүргізушінің тиісті құжаттары жоқ 306 келі балықты тасымалдағаны анықталды.

«Көліктен 266 келі нәлім, 10 келі қарабалық, 3 келі шортан және 27 келі ақтабан балығы табылды. Келтірілген шығын көлемі 815 182 теңгені құрайды. Браконьер балықты Күршім ауданы, Шенгелді ауылының жанындағы Зайсан көлінен аулаған» – деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық Кодексінің 335-бабы, 1-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Талғатжан Мұхаметбекұлы


Жоғары қарай