Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да дала өртін ауыздықтауға 100 адам мен МИ-8 тікұшағы тартылды

2021 жылдың 10 мамыр 2021 16:46

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында өрт сөндірушілер 2 гектар аумаққа жайылған тілсіз жаумен күресуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін «101» қызметіне хабарласқан Лесхоз кентінің тұрғындары Риддер орман шаруашылығында шөп жанып жатқаны туралы айтқан. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жедел келіп жетті.

«Қызыл жалынды ауыздықтауға барлығы 6 техника мен жеке құрамнан 100-ден астам адам жұмылдырылған. Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына отты абайсыз пайдалану себеп болған.

Қазіргі уақытта өртті сөндіруге арналған десанты және суағар құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы ұшуға дайындалуда», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, департамент мамандары орманды жерде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады.


Жоғары қарай