Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ШҚО-да экономиканы әртараптандыру мақсатында қандай жұмыстар атқарылуда

2022 жылдың 20 қаңтар 2022 01:38

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында экономиканы әртараптандыру, тауарлар экспортын кеңейту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында өткен жылы 414 млрд теңгеге 11 жоба іске асырылған.

«Былтыр инвестиция көлемі 396 млрд теңге болатын «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС Ақтоғай тау-кен байыту комбинатын кеңейту жобасы іске қосылды. Жаңа өндіріс Гоком мыс кенін өңдеу көлемін 2 есеге, нақты айтқанда жылына 25 млн тоннадан 50-ге дейін ұлғайтуға, сондай-ақ Аягөз ауданында 700 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Ішкі нарықты жергілікті өнімдермен қамтамасыз ету үшін Семейде жаңадан салынған май экстракциялық зауыты және Өскемен құс фабрикасының бройлер өндірісін жылына 55 мың тоннаға дейін ет өнімдерін кеңейту ықпал ететін болады», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Зайсан ауданында «ARNNA MINERALS» ЖШС жалпы құны 1,7 млрд теңге болатын артезиан ауыз суын, оның ішінде газдалған және газсыз сусындар өндірісін ұйымдастырды.




«Жаңартылатын және баламалы энергия көздерін дамыту бойынша жұмыстар да жүргізілуде. Жарма ауданында қуаты 30 МВт болатын 6 жел электр станциясы салынып, пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, бірнеше жоба аяқталу сатысында. «Қазмырыш» ЖШС Rail-Veyor көлік жүйесін іске қосумен долин-Обручев кенішінің өнімділігін арттыру бойынша жұмыс жүргізуде. Құны 37 млрд теңге болатын жоба 320 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді», - делінген ақпаратта.


Жоғары қарай