Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да ішімдік ішкен 44 жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды

2021 жылдың 20 қыркүйек 2021 23:12

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында алкогольді ішімдік ішкен 44 жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір аумағында 13-19 қыркүйек аралығында «Жасөспірім» жедел алдын алу шарасы жүргізілді. Мұндағы мақсат – кәмелеттік жасқа толмағандардың алкоголь, есірткі және психотропты заттарды тұтыну фактісін анықтау, жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу.

«Жеті күн ішінде түнгі уақытта көше кезіп жүрген кәмелетке толмаған 640 бала анықталды. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін полиция бөлімшесіне 736 жасөспірім жеткізілген. Бала тәрбиесі бойынша міндетін орындамаған 54 ата-ана жауапқа тартылды. Сондай-ақ алкогольді ішімдік ішкен кәмелеттік жасқа толмаған 44 баланың заңды өкілдеріне айыппұл салынды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Бұдан бөлек, шара барысында қараусыз және панасыз қалған 54 бала кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына орналастырылды.


Жоғары қарай