Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

ШҚО-да карантин кезінде мұқтаж жандарға көмектескен волонтерлер марапатталды

2020 жылдың 30 маусым 2020 17:47

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында COVID-19 пандемиясы кезінде мұқтаж жандарға әлеуметтік көмек көрсетуге белсенді қатысқан еріктілерге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алғыс хаты табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аймақ волонтерлері «Біз біргеміз« акциясына белсенді қатысуда. Елімізде төтенше жағдай жарияланған кезде дамыл көрмей мұқтаж жандарға қол ұшын созған еріктілеріміз мақтауға тұрарлық. Сіздер-нағыз патриотсыздар, еліміздің болашағы өздеріңіздің қолдарыңызда. Біздің өңірде белсенді жастардың көп болғанына қуаныштымын», - деді облыс әкімі Даниал Ахметов марапаттау салтанатында.

Айта кетейік, «Біз біргеміз» акциясы аясында «Jas Otan» жастар қанатының 520-дан астам еріктісі 25 мың жалғызбасты зейнеткерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға азық-түлік себеттерін жеткізуді ұйымдастырды. Сондай-ақ 123 Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері мен 16 189 тыл еңбеккеріне азық-түлік жиынтығы берілген.

Бұдан бөлек, акция аясында құрылған «Birgemiz» республикалық қоғамдық қорынан Шығыс Қазақстан облысында 44 мыңнан астам мұқтаж отбасы 50 мың теңге көлемінде бірреттік көмек алды.


Жоғары қарай