Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

ШҚО-да қармақтағы балықты алу үшін суға түскен ер адам батып кетті

2020 жылдың 22 мамыр 2020 18:03

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында қармаққа іліккен балықты алу үшін суға түскен ер адам батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Опытное поле ауылының тұрғыны балық аулауға шыққан. Кенет үлкен балық ілігіп, қармағы суға құлап кеткен. Олжасынан айырылғысы келмеген ер адам артынан жүзіп, сәлден соң бата бастаған.

«Бұз мезетте жағада тұрған оның әйелі жан-жағына айқайлап, көмекке шақырған. 100 метрдей қашықтықта болған екі балықшы лезде көмекке ұмтылып, оны судан алып шыққан. Үшеуі де оған алғашқы көмек көрсетуге тырысқан», - делінген ведомство мәліметінде.

Оқиға орнына жедел жәрдем мамандары келіп жеткенше 46 жастағы азамат көз жұмған.


Жоғары қарай