Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да қатты жел қазандықтың шатырын ұшырып әкетті

2021 жылдың 16 қаңтар 2021 16:41

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында қатты жел қазандықтың шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Жарма ауданы Шуақ ауылында жылдамдығы секундына 32 метрге жететін жел тұрып, қазандық ғимаратының шатырын жартылай ұшырып әкеткен. Зардап шеккендер жоқ.

- Қазіргі уақытта сол жерде жергілікті атқарушы орган өкілдерінен құралған комиссия мүшелері жұмыс істеуде. Қазандық ғимаратының жалпы ауданы 1250 шаршы метрді құрайды, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, ТЖД өңір тұрғындарына 16-17 қаңтар күндері секундына 30 метр жылдамдықпен жел соғатынын ескертеді.


Жоғары қарай