Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да қатты жел мектептің шатырын ұшырып жіберді

2020 жылдың 27 қазан 2020 17:25

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданында қатты жел мектеп шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жылдамдығы секундына 17 метрге жететін қатты желдің салдарынан Көкжайық ауылындағы орта мектептің шатыры бұзылды.

Ғимараттың жалпы ауданы - 1600 шаршы метр. Зардап шеккен ешкім жоқ.

«ТЖД дауылды жел туралы алдын ала ескерту жасаған. Әлі де тұрғындарды сақ болуға және үлкен ағаштардың астында тұрмауға және автокөлік қоймауға шақырамыз. Сондай-ақ билбордтардан және басқа да аспалы құрылымдардан, электр желілерінен мүмкіндігінше алыс болу керек. Жазатайым оқиғалар болмас үшін барынша абай болған жөн» , - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 қызметіне хабарласу керек.


Жоғары қарай