Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да қайықпен жағаға жете алмай қалған 3 адам құтқарылды

2021 жылдың 14 қазан 2021 23:34

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында 3 адам қайық моторы өшіп қалып, жағаға жете алмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар Алтай ауданындағы Ертіс өзенінде жағаға жете алмай қалған 3 адамға көмекке келді.

«Мохнатка тауының жанында қайықпен жүрген азаматтар жағалауға өз бетінше жете алмай, көмек сұраған. Оқиға орнына департамент қызметкерлері жедел түрде моторлы қайықпен келіп жетті. Көп ұзамай оларды жағаға сүйреп апарды. Үшеуіне де медициналық көмек қажет болған жоқ. Белгілі болғандай, саяхатшылардың қайық моторы өшіп қалған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте ТЖД мамандары өңір жұртшылығына түнгі уақытта қайықпен суға шықпау қажеттігін ескертеді.





Жоғары қарай