Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да келесі жылы 6 мектеп бой көтереді

2021 жылдың 15 қыркүйек 2021 17:32

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 2022 жылы 6 мектеп салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайлы аймақ басшысы Даниал Ахметов қала және аудан әкімдерімен өткен жиналыс барысында айтты.

«2022-2023 жылдары тұрғын үй құрылысының нақты қалай жүргізілетіндігін айқындауымыз қажет. Әлеуметтік және коммерциялық тұрғын үйлер салатын компанияларды бірге жұмыс істеуге шақырудамыз. Бір ай мерзімде әкімдерге құрылысқа арналған учаскелер туралы және барлық қажетті инженерлік желілерді жүргізу үшін бюджеттен қанша қаражат бөлу керектігі туралы ақпарат дайындауды тапсырамын», - деді ол.

Биыл Өскеменде 23 көппәтерлі үй салынуда. Оның ішіндегі 15 үйдің құрылысы 2022 жылы аяқталады. Риддер мен Шемонаихада 60 пәтерлік үйдің құрылысы бітуге жақын. Сондай-ақ Үржар мен Зайсан аудандарында «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында құрылыс белсенді жүріп жатыр. Келесі жылға жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде 1000 жаңа мектеп салу туралы тапсырмасына сәйкес, әр қала, ауданда білім беру мекемелеріне деген қажеттіліктің бар-жоғын анықтау қажет. Бірінші кезекте 1950 жылы саманнан қаланған мектептер мен ғимараттарды ауыстырамыз. Осыған дейін оң нәтиже берген жобаларды қолдана отырып, келер жылы 6 мектеп, 2023 жылы 15 мектеп салуды жоспарлап отырмыз», - деді Даниал Ахметов.


Жоғары қарай