Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да көктайғаққа байланысты 2-ауысымдағы оқушылар онлайн оқиды

2021 жылдың 25 қараша 2021 12:25

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы кейбір аудандарда көктайғаққа байланысты екінші ауысым сыныптары қашықтан оқиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 25 қарашада ауа райының нашарлауына, нақты айтқанда көктайғаққа байланысты кейбір аудандарда екінші ауысымдағы оқушылар онлайн форматта оқитын болды.

«Бесқарағай ауданында 0-11 сыныптар, Глубокое ауданындағы Прапорщиково және Предгорное ауылдарындағы 0-4 сыныптар мектепке бармайды. Ал таңертең Курчатов қаласындағы 0-4-сыныптар, Бесқарағай ауданындағы 0-11 сыныптар қашықтан білім алды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Семейде екінші ауысымдағы 0-9 сыныптар мектепке бармаған болатын.




Жоғары қарай