Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да көктем шыққалы бері 72 дала өрті тіркелді

2021 жылдың 17 мамыр 2021 22:57

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында өрт қаупі жоғары кезең басталғалы бері 72 дала өрті тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өрт фактілерінің алдын алу үшін құрамына құтқарушылар, полиция қызметкерлері, орманшылар мен жергілікті атқарушы орган өкілдері кіретін 69 мобильді топ құрылған. Олар осы уақытқа дейін 236 рейд жүргізіп, соның нәтижесінде 223 заңбұзушылық анықталды. Заң талаптарына бағынбағандар ҚР ӘҚБтК-нің 336 және 410 баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«Өрт қаупі жоғары кезең басталғалы бері өңір бойынша 72 рет даланы қызыл жалын шарпыды. Тілсіз жаудың жалпы ауданы 1657 гектарды құраған. Мәселен, 16 мамырда Көкпекті ауданы Миролюбовка ауылында жергілікті атқарушы орган қызметкерлері мен өрт сөндірушілер ауданы 10 гектарға жететін өртті ауыздықтады. Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына – тұрғындардың отпен абайсыз әрекет етуі себеп болуы мүмкін», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар құтқарушылар жалын шыққан ошақты бірген анықтау үшін космомониторингті пайдалануде. «Geosat» ЖШС-мен жасалған келісім-шарт аясында термонүктелер бойынша деректерді алуға мүмкіндік бар.


Жоғары қарай