Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да Конституция күніне орай өткен викторина жеңімпазына грант берілді

2021 жылдың 30 тамыз 2021 23:28

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Конституция күніне орай ұйымдастырылған онлайн-викторинаның жеңімпазына арнайы грант берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тәуелсіз Қазақстанның Ата Заңы» тақырыбында онлайн форматта өткен байқауға «Құқықтану» мамандығына құжаттарын тапсырған талапкерлер қатысқан. Викторина жеңімпазы Айдана Нұрқасынованың айтуынша, жиырмадан астам талапкер арасында грант жеңіп алу оңайға түскен жоқ.

«Ата заңымызды толық зерделеп шықтым. Байқау шарттарында атап өтілгендей, сұрақтардың барлығы Конституция аясында болды. Жоғары оқу орнынан грант жеңіп алғаныма өте қуаныштымын», - дейді университеттің жаңа студенті Айдана Нұрқасынова.

Өз кезегінде университет ректоры Айданаға оқуда табыс, зор денсаулық және бақыт тіледі.

Дарынды жастарды анықтау және әлеуметтік-педагогикалық қолдау біздің университетіміздің маңызды міндеттерінің бірі. Өйткені дарынды студенттердің болашағына үлес қосу – еліміздің игілігі үшін жұмыс істейтін болашақ жоғары кәсіби мамандар дайындаудың кепілі. Сондықтан С.Аманжолов атындағы ШҚУ біздің өңірдің ғана емес, жалпы еліміздің дарынды балаларын қолдайды, - деді университет ректоры Мұхтар Төлеген.


Жоғары қарай