Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да қорадан өрт шығып, 1 адам көз жұмды

2020 жылдың 23 қазан 2020 18:30

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында темекі шегу кезіндегі абайсыздық салдарынан қора өртеніп, 1 адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 22 қазан күні сағат 16.44-те Ұлан ауданы Пролетарка ауылындағы Южная көшесінде орналасқан жер үйдің қорасында өрт шыққан. Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар жалпы ауданы 14 шаршы метрді құраған жалынды ауыздықтады.

«Өрт сөндірушілер қораның ішінен иіс тию белгілері бар 1957 жылы туған ер адамның мәйітін тапты. Тілсіз жаудың шығу себебі – темекі шегу кезіндегі абайсыздықтан болуы мүмкін», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, ТЖД адам өліміне көбінесе өрт емес, иіс тию себеп болатындығын мәлімдеді. Сөнбеген темекі тұқылының температурасы +300-420 С құрайды. Осындайда от 4-8 минут ішінде тұтануы ықтимал.


Жоғары қарай