Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

ШҚО-да коронавирус жұқтырған ерлі-зайыптылар Мысырдан келген

2020 жылдың 28 наурыз 2020 12:18

ШҚО. ҚазАқпарат – Семей қаласында коронавирус жұқтырған ерлі-зайыптылар Мысырда демалыста болып, 21 наурыз күні елге келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайлы облыс әкімі Даниал Ахметов өзінің Facebook парақшасында жазды .

«Семейде коронавирус дертінің алғашқы 2 жағдайы расталды. Олар 2020 жылдың 21 наурызында елімізге «Шарм-Эль-Шейх – Нұр-Cұлтан» рейсімен оралып, ары қарай өз көліктерімен Семейге жеткен», - дейді аймақ басшысы.

Олармен бірге отбасы мүшелері, яғни тағы 5 адам болыпты. 2020 жылғы 28 наурызда жүргізілген COVID-19 сынамасы төрт адамда теріс нәтиже көрсеткен. Бір сынама нәтижесі әлі анықталған жоқ.

«Сонымен қатар, олармен байланыста болған тағы бір адам анықталды. Оның да анализі тексеруге алынған. Қазіргі таңда төртеуі провизорлық стационарға оқшауланған, қалған төртеуі карантиндік стационарда дәрігерлердің бақылауында. Науқастардың жағдайы орташа деңгейде. Алғашқы шағымдары дене қызуы мен сирек жөтелге болған. Жедел медициналық көмек бригадасы шұғыл әрекет етіп, алгоритмге сәйкес арнайы капсулаларда оларды стационарға жеткізді. Қазіргі уақытта бұл адамдар тұратын орындарға дезинфекция жұмыстары жүргізілуде», - деп толықтырды әкім.


Жоғары қарай