Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да қос азаматтығы бар 40-тан астам адам жазаланды

2021 жылдың 28 маусым 2021 19:03

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында қос азаматтығы бар 40-тан астам адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Көші-қон қызметі басқармасының полицейлері өңір халқы арасында қос азаматтығы бар адамарды анықтау мақсатында бірқатар шараларды қолға алған.

«Жарты жыл ішінде 500-ден астам адам Қазақстан азаматтығынан шықты. Олардың негізгі бөлігі – Ресей Федерациясы, Германия және Қырғызстан Республикасы азаматтығын қабылдаған. Сонымен қатар қос азаматтығы бар 40-тан астам адам анықталды. Оның ішінде шетел азаматтығын алу фактісі туралы белгіленген мерзімде хабарламағаны үшін 10 адам, ҚР төлқұжатын және жеке куәлікті пайдаланғаны үшін 30 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.

Мәселен, маусым айының ортасында тәртіп сақшылары 2021 жылдың ақпанында Алтай өлкесі Барнаул қаласында Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдаған Риддер қаласының тұрғынын анықтады. Ол мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ҚР азаматының құжаттарын пайдаланған. ӘҚБтК-нің 496-бабы 1-бөлігіне сәйкес, тәртіп бұзушыға 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ шетелдіктен Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен төлқұжаты алынды.


Жоғары қарай