Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ШҚО-да КСРО төлқұжатымен жүрген 150-ден астам адам анықталды

2021 жылдың 28 қыркүйек 2021 19:12

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында КСРО төлқұжатымен жүрген 150-ден астам адам анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, көші-қон қызметінің өкілдері «Учаске» жедел алдын алу шарасы кезінде жеке басын куәландыратын құжатсыз тұратын және 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспорттарын уақтылы ауыстырмаған адамдарды анықтауда. Олар құжаттардың болмауына байланысты медицина, білім беру қызметтерін ала алмауда, жәрдемақылар мен зейнетақыдан құр қалып, ресми жұмысқа орналасуға мүмкіндіктері де жоқ.

«Жыл басынан бері 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспорттарымен жүрген 150-ден астам адам ҚР азаматы болып танылған. Мәселен, Алтай ауданының полиция бөліміне 49 жастағы азамат жүгініп, 1988 жылы Украинада берілген паспортпен тұрып жатқанын айтты. Ер адам Қазақстанға 90-шы жылдары келіп, Өскемен қаласында әскери қызметін өтеген. Жаңа Бұқтырма кентінде жұмыс істеп жүрген ол 25 жыл бұрын құжаттарды Украинаға жолдаса да әлі күнге дейін жауап келмеген», - деді облыстық ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Көші-қон қызметінің мамандары Қазақстан Республикасының консулдығы арқылы Украинадан қажетті құжаттарды сұратуға жәрдемдесті. Осылайша, ер адамға Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі рәсімделді.


Жоғары қарай